«Көк тудың желбірегені» патриоттық сынып сағаты
«Жеткіншектің Жеті жарғысы» жобасы аясында «Көк тудың желбірегені» патриоттық сынып сағаты 1-11 сыныптарда сынып жетекшілердің үйлестіруімен өткізілді.
Патриоттық сынып сағатының мақсаты:
Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында баян ету.
Әр елдің, мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. Мыңдаған жылдардың тарихы бар еліміз өз тәуелсіздігін алды.
Азаттық,Теңдік,Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы жолында қаншама қиындықтарды бастан кештік. Иә, Тәуелсіздік шежіресіне бір сәт көз жүгіртіп, көрейікші. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама адам тер төкті. 1986 жылы Алматы қаласында өткен желтоқсан көтерілісінде де өрімдей жастар азаттық үшін жандарын пида етті. Ләззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев сынды аға - апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды.
Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендері, Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталған слайд көсетіліп, мақал-мәтелдер айтылып, сөзжұмбақ шешілді.

