«Әке – асқар тау» атты сынып сағаттары
12. 10. 2023жылы 7-11 сыныптарда «Әке – асқар тау» атты сынып сағаттары сынып жетекшілердің жетекшілігімен «Әкелер» кеңесімен бірлесе отырып, өткізілді. Бұл сынып сағаттарына 7-11 сыныптардың білім алушылары қатысты.
Құзіреттілікке жеткізетін мақсат - міндеттер:
1. ақпараттық: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту.
2. коммуникативтік: Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу, өз өнерлерін көрсете білуін қалыптастыру;
3. проблеманы шешу: Әкені құрметтеу, сыйлай білуге дағдыландыру.
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын оған қарап өсетін нысанасы. «Әке – асқар тау, ана – қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей, топтарға бөлініп, әр түрлі жағдаяттарға жауап беріп, әкелер балаларымен бірге «Атамекен», «Әкешім» әндерін орындады. Мақал-мәтелдерді шешіп, сауалнамаларға жауап берді. Сынып сағаттары өз дәрежесінде өтті.