"Ұлттық ойын - ұлт қазынасы"
Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебінде балалардың қысқы демалысы мен бос уақытын тиімді пайдалануға бағытталған "Қысқы ғажайып" жоспарының аясында "Ұлттық мектеп лигасы" жобасы бойынша "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" тақырыбында "Тоғызқұмалақ" спорттық ойыны дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Балабекова Камиляның жетекшілігімен өткізілді.
Мақсаты:
Оқушылардың бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау;
Тоғызқұмалақ өнерінің өміршеңдігін түсіндіру.
Тоғызқұмалақ ойынының сақ, ғұндар дәуірінен бері қарай 4 мың жылдық тарихы бар. Оны түркі тілдес халықтардың ішінде: Қырғыз, Өзбек, Қазақ, Қарақалпақ, Түрік және Алтай елдерінде ойнайды.
"Тоғызқұмалақ" ойыны көшпенді өмір салтының айнасы іспеттес, ол - тірі тарих.
Тарихты білу тектілікке саналады. Бабаларымыз ұрпағының білікті де, жүректі болуымен қатар ақылды болуына да қатты алаң болған. Сол себепті де осы өнерді дүниеге келтірген.
"Тоғызқұмалақ" ойынының қағидасы мен ережесін сақтай отырып ойнаған, жеңіске жеткен оқушылар марапатталды.
Тоғызқұмалақ - бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты екенін балалардың бойына сіңіру басты парызымыз!

