«Отбасылық дәстүрлер» отбасы құндылықтары челленджі
«Отбасылық дәстүрлер» отбасы құндылықтары челленджі 1-11 сынып білім алушыларының отбасыларымен «Мектеп Парламенті» мүшелері мен сынып жетекшілерінің үйлестіруімен өткізілді.
Мақсаты
- Өз отбасына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін, ата-аналарға құрмет сезімін тәрбиелеу;
- Өз отбасының тарихына, отбасылық дәстүрлерге қызығушылықты дамыту; Сыныптастарының отбасыларына деген құрмет, оң қарым-қатынасты қалыптастыру; Сынып ұжымының отбасыларын зерттеу.
Көптеген отбасыларда демалыс пен бос уақытты өткізу дәстүрі бар.
Оқушылар бос уақыттарын отбасымен қалай өткізетіндерін айтты.
Қарт ата – аналарға қамқорлық жасау-біздің отбасыларымыздағы керемет дәстүрлердің бірі.Отбасылық фотосуреттерді жинау және сақтау дәстүрі бар.Оқушылар бір-бірін "Отбасылық альбомға қараңыз" фотокөрмесімен таныстырды.

