«Діни экстремизм зардаптары» атты теологпен кездесу
2023 жылдың қараша айының 15 жұлдызында "Діни экстремизм зардаптары" тақырыбында теолог дінтанушы. Құттыбаев Дәурен Нұржанович, "Талас ғұмыры" жастар қоғамдық бірлестігінің кеңесшісі Көлбаева Жазира Әбдірәсілқызы, "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің "Көктал" ауылдық округінің аға инспекторы Г.Әбдіраш қатысып, ата-аналар мен 8-11 сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: Білім алушыларға экстремизм, терроризм туралы түсінік беру. Бүгінгі өмірмен байланыстыру. Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс — әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надан-дыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды. Ал, «Радикализм» латынның «radix» «түбір, тамыр» деген сөзінен шыққан. Термин саясатқа қатысты пайда болған. Осындай тақырыпта көбірек ақпараттық сағаттарды өткізу білім алушылардың бойында терроризммен экстремизмге қарсы ойларын тиянақтауға, оларға жол бермеуге жетелейді.