«Мағжан - алаштың сөнбес жұлдызы» » СШ М.Жумабаев
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Талас ауданының білім бөлімінің
«Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8 (7222) 25-44-52
Оқу бөлімі:
8 (7222) 32-73-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мағжан - алаштың сөнбес жұлдызы»
29
ноябрь
2023

«Мағжан - алаштың сөнбес жұлдызы»

Қазақтың ұлы ақыны, қазақ әдебиетінің классигі, Қазақтың бірлігі, Алаштың азаттығы мен халқымыздың болашағы үшін  бар ғұмырын күреспен өткізген зиялыларымыздың бірі, қазақтың ұлы тұлғасы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай,   ДТІЖО Г.Асканбаеваның жетекшілігімен, 1-11 сынып білім алушыларының  қатысуымен «Мағжан - алаштың сөнбес жұлдызы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мағжанның өмір жолын, шығармашылығын, ерлігін барынша  еске түсірді. «Мен жастарға сенемін» өлеңі қазақ халқының әрдайым жүрегінде.

      Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бүгінде өз есімімен аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келген.1905-1910 жылдары Қызылжар қаласындағы медреседе оқиды.  Медреседе бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алады, шығыс ақындарының жырларымен танысады. Өзі де әдебиетпен шұғылданады. 1910 жылдың күзінде Уфаға келіп, осындағы Ғалия медресесіне түсіп білімін молайтады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды. Поэзиядағы алғашқы қадамдарынан кейін Мағжан жарқын әрі ерекше таланттың сырын ашады. 1912 жылы жарық көрген «Шолпан» атты поэзия жинағының арқасында Мағжанның есімі кең таныла бастайды.

Іс-шара барысында Мағжанның өлеңдері оқылды. Әрине бүкіл бір ұлтты бір арнаға ұйытатын әйгілі «Мен жастарға сенемін» атты өлеңінен  басталды.  Өлеңдегі өміршең қуат пен сөнбес жалын жас ұрпаққа рухани күш беріп, қазіргі таңда өмірлік ұранға айналды деуге болады.Сонымен қоса «Тарғын», «Сарғалдым», «Сағындым» өлеңдері оқылды. Домбырамен  орындалған небір әдемі халық әндері, күйлері тыңдалды. Мағжан туралы айтылған естеліктерді тамашалап, Мағжан туралы түсірілген фильмдерден үзінді көрсетілді. Іс-шара соңында «Сен сұлу» әнін хормен айтты. Мағжанның айтып кеткен «Мен жастарға сенемін» дегенін бүгінгі жастар ақтай алды ма? деген сұрақтар қойылып қызу талқыланды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Ахметова,  ДТІЖО Г.Асканбаева қорытынды сөз сөйлеп, алғысын білдіруімен іс-шара  аяқталды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив