24
октябрь
2023
«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!»
24.10.2023 жылы 25 қазан – Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарының аясында «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» атты мерекелік патриоттық іс-шара өткізілді.


Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асканбаева Гүлбану құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік салтанатты жиынды ашып берді.
Мерекелік іс-шара барысында мектеп тәлімгері Егенбердиева Сәуленің жетекшілігімен «Ұлы елдің ұландары» атты тақырыпта «Жас Ұлан» «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. Салтанатты жиын концерттік бағдарламаға ұласты.


