«Кербез Көкшенің ақиығы – Сәкен Сейфуллин!» атты әдеби кеш
«Кербез Көкшенің ақиығы – Сәкен Сейфуллин!» атты әдеби кешті қазақ тілі пәні мұғалімдері А.Ахметова , Г.Сманова және кітапханашы А.Аманжолова бірлесіп 7-11 сынып білім алушыларымен өткізді.
Әдеби кештің мақсаты:
Білім алушылардың Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы бойынша білімдерін кеңейту;
Нағыз адамға тән міндеттерді дәріптей отырып, өз елінің, жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне жауап бере алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал - серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде - ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллин туралы білім алушылар С. Сейфуллин – қазақ әдебиеттану ғылымына өзіндік үлес қосқан ғалым екені туралы ой қозғады. С.Сейфуллин есімімен көптеген ауыл, елді мекендер, театр, мектеп, кітапхана, көшелер аталады. 1985 жылдан Целиноград қаласында (қазіргі Астана қаласы) С.Сейфуллин мұражайы жұмыс істеді. Мұражай жанында ақынның ескерткіші орналасқан. Маржан: Жалынды күрескер-патриот, сегіз қырлы, бір сырлы: ақын, жазушы, драматург, публицист, сыншы, әдебиеттанушы, композитор, педагог, қоғам және мемлекет қайраткері – Сәкен Сейфуллин есімі халық есінде мәңгі сақталады деп «Тау ішінде» әнін 7 сынып оқушысы Бекмұрат Орынтай нақышына келтіре орындады.
