Білімдіге дүние жарық.Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?
Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу
Сабақтың мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.
Міндеттері:
1. ата-аналарды отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы орта құруға ынталандыру;
2. баланың мектепке бейімделуінің мәні мен ерекшеліктерімен таныстыру;
3. бастауыш сынып оқушыларының танымдық дағдыларының ерекшеліктерімен таныстыру;
4. баланың танымдық дағдыларын дамыту үшін диагностиканы, тренингтерді, жаттығуларды практикада қолдану дағдыларын дамыту.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Ынтымақтастық, ата-ана борышы, құрмет, жаңалық, білмекке құмарлық, креативтілік, прагматизм, эвристикалық, еркіндік.
Сабақ барысында ата-аналар:
- Отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы ортаны құруды;
- Оның тұлғасын дамыту үшін баланың мектепке бейімделуі кезінде өзінің рөлін сезінуді;
- Бастауыш сынып оқушыларының когнитивтік дағдыларының ерекшеліктерін ажырата білуді;
- Балада танымдық дағдыларды дамыту үшін диагностиканы, тренингтерді, жаттығуларды іс жүзінде пайдалану дағдыларын меңгерді.
Физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық бейімделу тәсілдерімен танысып, түрлі ойындар, бейнероликтер көріп, сауалнамаларға жауап берді.

